Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы BV-4D зарядталатын батареямен пайдалануға арналған. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея
түрлерін шығаруы мүмкін. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 137
Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-50 . Nokia зарядтағышы үлгісінің нақты
нөмірі қосқыш түріне қарай әртүрлі болады, олар E, X, AR, U, A, C, K, B немесе N әріптері бойынша анықталады.
Оған қоса, IEC/EN 62684 стандартына сәйкес келетін және құрылғының шағын USB ұясына қосылатын үшінші тараптың
зарядтағыштары үйлесімді болуы мүмкін.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту
режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.