SIM картасын салу
Маңызды: Бұл құрылғы шағын UICC SIM картасымен (шағын SIM картасы деп
те аталады) пайдалануға арналған. Шағын SIM картасы стандартты SIM
картасынан кішірек болады. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен
картаны зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін.
Шағын SIM ұстағышына сыятын етіп өзгертілген SIM карталарын пайдаланбаңыз.
Стандартты SIM картасын шағын SIM картасына ауыстыру үшін, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картасына жапсырмалар жабыстырмаңыз.
1 Телефонның өшіп тұрғанын тексеріңіз.
2 Артқы қақпақтың төменгі жиегіндегі саңылауға тырнағыңызды салыңыз да,
қақпақты жайлап көтеріп, алыңыз.
3 Егер батарея телефон ішінде болса, оны көтеріп алыңыз.
4 Құлпын ашу үшін SIM картасын ұстағышты сырғытыңыз. SIM картасын
ұстағыштың қақпағын тырнағыңызбен көтеріңіз.
8
Пайдалануды бастау
5 Түйіспелі аймағы төмен қарап тұрғанын тексеріп, SIM картасын ұстағышқа
салыңыз да, ұстағышты төмен түсіріңіз.
6 Құлыптау үшін SIM картасын ұстағышты сырғытыңыз.
7 Батарея контактілерін туралап, батареяны салыңыз, содан кейін артқы
қақпақты ауыстырыңыз.
SIM картасын жою
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Артқы қақпақты ашыңыз.
3 Егер батарея телефон ішінде болса, оны көтеріп алыңыз.
4 SIM картасының ұстағышын ашыңыз да, картаны тартып шығарыңыз.