Nokia 808 PureView - Фотосуреттер мен бейнелерді теледидардан көру

background image

Фотосуреттер мен бейнелерді теледидардан көру
Фотосуреттер мен бейнелеріңізді отбасыңыз бен достарыңызға үйлесімді

теледидардан оңай көрсетуге болады.

Егер теледидар HDMI интерфейсін қолдаса, телефонды айқындығы жоғары

теледидарға жалғау үшін үйлесімді шағын HDMI қосқышы кабелін (кабель бөлек

алынады) қолдануға болады.

Фотосуреттер мен бейнелерді айқындығы жоғары теледидардан көру

Телефонды теледидарға жалғау
Шағын HDMI қосқышы кабелін телефонның шағын HDMI қосқышы жалғаңыз.

Кабельдің екінші ұшын теледидардың HDMI қосқышына жалғаңыз.

Егер теледидар экранынан ештеңе көрінбесе, теледидардың дұрыс HDMI кірісін

пайдаланып тұрғанын тексеріңіз.

Теледидар экраны туралы ақпарат
Телефон экранында көрсеткі белгішелерін таңдаңыз. Бірнәрсені таңдау үшін

OK

опциясын таңдаңыз.

Фотосуретті көру немесе бейнені ойнату

Бейнелер

немесе

Фотосуреттер

опциясын таңдап, фотосуретке немесе бейнеге

өтіңіз де,

OK

опциясын таңдаңыз.

Алдыңғы немесе келесі фотосуретке өту
Кері немесе алдыға көрсеткісін таңдаңыз.

Таңдалған фотосуретті бұру
Жоғары немесе төмен көрсеткіні таңдаңыз.

Камера мен фотосуреттер

45

background image

Фотосуреттер слайд-шоуын бастау
Фотосуретті көру кезінде

OK

опциясын таңдаңыз.

Бейнені тоқтата тұру немесе жалғастыру

OK

опциясын таңдаңыз.

Бейнені кері немесе ілгері айналдыру
Кері немесе алдыға көрсеткісін таңдаңыз.

Фотосуреттер мен бейнелерді айқындығы стандартты теледидардан көру

Nokia бейне байланыс кабелін (бөлек сатылады) пайдалану қажет болады және

ТД шығыс параметрлері мен кадр пішімін өзгерту қажет болуы мүмкін.

ТД шығыс параметрлерін өзгерту үшін, >

Параметр-р

және

Телефон

>

Көмекші құралдар

>

ТД шығысы

тармақтарын таңдаңыз.

1 Nokia бейне байланыс кабелін үйлесімді теледидардың бейне кірісінің ұясына

жалғаңыз. Кабель ұштарының түсі ұялардың түсіне сәйкес келуі керек.

2 Nokia бейне байланыс кабелінің екінші жағын телефонның Nokia AV ұясына

жалғаңыз.
Егер теледидар экранынан ештеңе көрінбесе, теледидардағы дұрыс HDMI

кірісін таңдағаныңызды тексеріңіз.

3 Телефондағы фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз.

Құрылғыға сигнал шығаратын өнімдерді жалғамаңыз. Бұл құрылғыны зақымдауы

мүмкін. Nokia AV ұясына қандай да бір кернеу көзін қоспаңыз. Осы құрылғымен

бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген сыртқы құрылғы

немесе құлақаспапты Nokia AV ұясына қоссаңыз, дыбыс деңгейіне баса назар

аударыңыз.

46

Камера мен фотосуреттер