Бейне бойынша кеңестер
Камераны ашу үшін, камера пернесін басыңыз.
•
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, жазу алдында қандай да бір ашық
қолданбаларды жабыңыз.
•
Мүмкін болса, телефонның көлемді жадына жазыңыз.
•
Егер жад картасына бейнелер жазатын болсаңыз, ең жақсы өнімділікке қол
жеткізу үшін үйлесімді, жылдам, жоғары сапалы microSD картасын
пайдаланыңыз. 360p және 720p бейнелері үшін microSD картасының
ұсынылған түрі – 4 (32 Mбит/с (4 MБ/с)) немесе одан жоғары. Full HD (1080p)
бейнелері үшін түрі 6 (80 Mбит/с (10 MБ/с)) жад картасы ұсынылады.
Алғаш пайдаланбас бұрын, маңызды бүкіл мазмұндардың сақтық көшірмесін
картаға жасап, карта бұрын пішімделген немесе Nokia телефонында
пайдаланылған болса да, телефонмен картаны пішімдеңіз. Пішімдеу әрекеті
картадағы бүкіл мазмұнды жояды.
Уақыт өте келе жад картаңыз баяу жұмыс істесе, маңызды бүкіл
мазмұндардың сақтық көшірмесін картаға жасап, картаны телефонмен
пішімдеңіз.